75 жұмыссыз жалақылы болмақ

182

Төлеби аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен жұмыссыздық деңгейін төмендету, жалпы жұмыссыз және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» өтті.

Жәрмеңке барысында аудандағы 34 жұмыс беруші мекемелерден 192 бос жұмыс орындары және Солтүстік өңірлердегі бос жұмыс орындары, қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына 14 мамандық бойынша 283 орын ұсынылды.

Сонымен қатар, Төлеби ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар туралы хабарландырылып, мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасудың тәртібі түсіндірілді.

Жәрмеңкеге барлығы 180-ге жуық аудан тұрғындары қатысып, 75 адам жұмысқа жолдама алды. Қалған азаматтар жұмыс орындары бойынша жұмыс берушілермен әңгімелесіп, кеңес алды және қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына өтініш білдірді.

 

QAINAR KÓZТөлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі