Úı Jańalyqtar «Көшеге қоқыс тастама!» атты тазалық сақтау шарасы басталды

«Көшеге қоқыс тастама!» атты тазалық сақтау шарасы басталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен «Көшеге қоқыс тастама!» атты тазалық сақтау шарасы ұйымдастырылуда.
Негізгі мақсат — барша тұрғындарды қоғамдық көпшілік орындарда, көшелерге, арық-атыз, жағажайлар мен тұрғынүй ауласына қоқыс тастамау, қоршаған ортаны, табиғатты аялауға, тазалығын сақтауға шақыру болып саналады.
Сондай-ақ, асыл дінімізде өздері және көлік жүретiн жолдың үстiне, тынығатын көлеңкелерде, әсiресе жемiстi ағаштардың түбiнде дәрет сындыруға болмайтындығы жөнiнде ескертулер берілген. Қасиетті Құран Кәрімнің Бақара сүресінің 222-аятында: «Сөзсіз Алла тәубе еткендер мен тазалағандарды жақсы көреді», – деп, тазалықты мадақтайды. Ал ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с) сахабаларға: «Екi түрлi қарғыс арқалаудан сақ болыңдар!» дегенде, олар: «Әй, Алланың елшiсi! Екi қарғысты арқалаушы дегенiңiз кiм?» – деп сұрайды. Сонда: «Адамдар жүретiн жолға немесе тынығатын көлеңкеге дәрет сындырушы» деген. (Мүслим риуаяты).
Құрметі жамағат! Ислам – тазалық діні. Тазалық мәденитімізді сақтап, тазалықты сақтап, қолдау білдіруге шақырамыз.