Мәжілісте «Мемлекеттік қызмет көрсету» туралы заңға енгізілетін өзгерістер талқыланды
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесіне қатысты заңнамаларға өзгерістер енгізу жобасын Мәжіліс бірінші оқылымда-ақ мақұлдады. Бұл толықтырулардың маңыздылығын атап өткен Нұрлан Нығматулин Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың электронды форматтағы мемлекеттік қызмет көрсетуді 2020 жылға дейін 90 пайызға жеткізуді тапсырғанынын еске салды.
Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы: «Мемлкеттік қызметтің көптің сұранысына ие, алайда шешімін таппаған проблемалар да жеткілікті. Ең басты кедергі аталған қызмет түрлерін электронды форматқа өтуі кешеуілдеуде. Стандарттардың және регалменттердің жоқтығы, қызмет көрсететін мекемелердің міндеттерін өз деңгейінде орындалмауы, жұмыс сапасының төмендігі».
«Қаралып жатқан заң жобасы сол кедергілерді шешуге сеп болмақ. Жұмыс мүлдем жасалмаған деп айтудан аулақпын» деген мәжіліс төрағасы депутаттық корпус және Үкімет атқарған жұмыстарға тоқталды: «40 Заңнама мен 10 кодекске жалпы алғанда 580 — ге жуық толықтырулар мен өзгерістер енгізілген. Нәтижесінде мемлекеттік қызмет алуға тапсырылатын құжаттардың саны қысқармақ. Бұл толықтырулар азаматқа қашықтан, бір батырманы басумен -ақ қажетті қызметтерді алуына мүмкіндік береді».
Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы: «Біз түсінуіміз керек, тұрғылықты халықтың жергілікті билікке деген көзқарасы мемлекеттік қызметтің сапасына қатысты қалыптасады. Өйткені ол азаматтар үшін маңызды, қызмет түрлері арқылы ол өзінің мәселесін шешеді. Сондықтан да мемлекеттік қызмет ұнемі сұранысқа ие, сондықтан жаңартуды жетілдіруді талап етеді. Әсіресе, заңнама деңгейінде».
«Қолданыстағы Заңды жетілдіру мемлекеттік қызметті көрсетуді оңтайландырып қана қоймай, қызмет алатын азаматтың мекемелердің табалдырығын тоздырмай үйінде не жұмыс орнында сол қызметтерді алуға зор мүмкіндік береді. Бүгіннің өзінде бірқатар қызметтер мен анықтамаларды кезекте тұрмай-ақ, қашықтан алуға болады. Бірақ, оны көпшілік біле бермейді. Сондықтан да халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет» дейді Мәжіліс төрағасы.
Шынар Оразова