Түркістан облысында 2018-2019 оқу жылында 24061 оқушы 11 сыныпты бітіреді. ҚР Білім және ғылым министрлігімен 11-сынып бітірушілерінің мектеп бітіру іс-шарасын 12 маусымда мектеп қабырғасында өткізу ұсынылып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова мәлімдеді.
ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес, Ұлттық бірыңғай тестілеу 2019 жылдың 20 маусым — 5 шілде аралығында өткізіледі.
Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудін ерекшеліктері 2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 мезгіл өткізіледі: қантар, наурыз (ақылы), маусым (ақысыз), тамыз (ақылы). Қантар, наурыз, тамыз тестілеу нәтижесімен – бітіруші ақылы түрде оқуға түсу мүмкіндігін алады. Маусымдағы тест – мемлекеттік грант негізінде тегін оқуға түсуге мүмкіндік береді. Жалпы ҰБТ тапсыру ережесінде өзгерістер жоқ.ҰБТ-ға құжаттар қабылдау ағымдағы жылғы 1 сәуірде басталған 10 мамырда аяқталады.
«Түркістан облысында 15 ҰБТ өткізу пункттері бар. Олардың: 1-уі жоғары оқу орынының базасында; 2-уі колледждер базасында,12-сі орта мектептердің базасында. 2019 жылдың қаңтар айында алғашқы рет ақылы түрде 5206 бітіруші тест тапсырды, тест қорытындысы бойынша облыстың орта балы 58,3-ті құрады. Наурыз айында 14375 түлек ақылы тестке өтініш беріп, 14 208-і тестке қатысты. Орта бал – 79,5-ті құрады», — деді Ардақ Мәдіханқызы. Сонымен қатар, 11-сынып бітірушілеріне мектептерге енгізілген «BILIMLEND» электронды платформасындағы «Іtest» жүйесінде ҰБТ-ға тегін дайындалуға және Ұлттық тестілеу орталығының сайтында ақылы түрде байқау тестін тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.
Сонымен қатар, облыста «EDTECH-KZ» халақаралық білім орталығының «KASIP TEST» жеке тұлғаның кәсіби диагностикасының автоматтандырылған жүйесі арқылы мектеп бітірушілерге онлайн түрде кәсіби диагностикалау жүргізілді. Кәсіби диагностикаға 24183 11-сынып оқушыларының 21542-і қатысты.