Сарыағаш ауданы аумағында орналасқан әскери бөлім маңынан өрт шықты

604
Сарыағаш 2020 әскери бөлім өрт
фото Baribar.kz

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы аумағында орналасқан 2020 әскери бөліміне жақын жерде өрт шықты. Жетісай-Шымкент тас жолының 120-шы шақырымында орын алған.

6 шілде күні сағат 21:02-де өртке қарсы қызмет пультіне Түркістан облысының  Сарыағаш қаласынан 120 шақырым жерде, 2020 әскери бөліміне жақын маңда құрғақ шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Өрт сөндіру бөлімшелері күшімен сағат 22:35- те қызыл жалын ауыздықталып, 22:57-де толық сөндірілді. 3 гектарды өрт шарпығаны белгілі болды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Өртті сөндіруге Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 22 маманы мен 4 техникасы жұмылдырылған.

Жанар Есенбекова