Антарктидада жылына 126 мың доллар жалақы төлейтін жұмыс орны ашылды

194
© Sputnik / Сергей Пятаков

Кандидатқа қандай да бір нақты талап қойылып отырған жоқ: ол кәсіби шеберлікті қажет етпейтін әртүрлі жұмыстарды атқарады

Австралияның антарктика бөлімі Антарктидадағы станцияға қара жұмысшы іздеп жатыр: өтініш берушіге 126 мың доллар көлемінде жылдық жалақы ұсынылды, деп жазды Sputnik

Кандидатқа қандай да бір нақты талап қойылып отырған жоқ: ол арнайы немесе кәсіби шеберлікті қажет етпейтін әртүрлі жұмыстарды атқарады.

Жалақыдан басқа, ол қызметкерге 40 мың доллар көлемінде арнайы жәрдемақы беріледі. Сонымен бірге, қызметкердің тамағы мен жүріп-тұру шығынын бөлім өз мойнына алады.

Кандидат іріктеудің екі кезеңінен өту керек: онда адамның ептілігі мен тұрақты шағын ұжымда қаншалықты ұзақ жұмыс істей алатындығы анықталады.
Бұл бос жұмыс орнына кез келген адам өтініш бере алады – бөлім құжаттарды 2020 жылдың 23 қаңтарына дейін қабылдайды.