Төлеби ауданындағы құс фабрикасы өртеніп, 3 мың балапан қырылып қалды

286

Төлеби ауданы Ақбастау селосындағы құс фабрикасынан өрт шықты, деп хабарлайды ТЖК.

«25 қаңтар күні сағат 07:00 өрт сөндіру қызметіне Ақбастау селосындағы «ШымкентҚұс» ЖШС» фабрикасынан өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті. Жалын сағат 08:05-де сөндірілді. Өрт салдарынан 190 шаршы метр аумақ өртеніп, 3 мың балапан қырылып қалған», – делінген хабарламада.