Шымкент: Абай ауданында 59 тойхана қызметін тоқтатты

300

 

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов хабарлады.

Аудан басшысы 12 ірі сауда орталығы, Шымкент әуежайы мен «Самал», «Бекжан» базарларының және 1 мал базары мен 2 автокөлік базарының, 59 тойхананың, 31 моншаның жұмысы тоқтағанын айтты.

Спикер шағынаудандар мен тұрғын алаптарда 10 шағын базар мен 1054 азық-түлік дүкені күнделікті жұмыс істеп тұрғанын жеткізіп, бақылау шараларының күшейтілгенін жеткізді.

Аудандағы 252 қоғамдық тамақтандыру орындарына қажетті залалсыздардыру құралдарының орнатылып жатқанын айтқан Б.Парманов тиісті талаптарды ескермеген нысандардың қызметіне шектеу қойылатынын хабарлады.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы