«Adaldyq alany» жобалық кеңселерінің жұмысымен танысты

177

 

«Adaldyq alany» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы, Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының төрағасы Т. Байғұлов үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келді

Сапар барысында Т. Байғұлов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т. Серікбаевпен және «Shymkent – аdaldyq alany» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбармен бірлесе әкімдіктің, әділет және мемлекеттік кірістер департаменттерінің, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» өңірлік филиалының жұмысымен танысты.
Мемлекеттік органдар басшыларымен кездесу барысында халықпен тікелей байланысты болдырмау, мемлекеттік қызметтерді толық автоматтандыру және оларды көрсету сапасын арттыру маңыздылығы атап өтілді.

Сондай-ақ, еңбек ұжымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты күшейтуге ерекше назар аударылды.

Бірінші басшылардың қарамағындағы қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілігі айтылды.
Қонақтар тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға және мемлекеттік қызметтерді алуда азаматтар үшін қолайлы орта құруға бағытталған әділет және мемлекеттік кірістер департаменттеріндегі «Adaldyq alany» жобалық-кеңселерімен танысты.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі