Елтай елді-мекенінде су басқан үйлердің шығыны анықталуда

206

Толассыз жауған жаңбыр мен қырдан аққан су көшкіні Елтай тұрғыналабының тұрғындарын әбігерге салған еді.

Баспанасын су басқан Тұрдәлиевтер отбасына туыстары келіпті. Қырдан аққан судың екпіні соншалықты күшті болғаны ауламен бірге үйдің бөлмелерін лай басқан.

Әлсейіт Қалдық, Қазығұрт ауданының тұрғыны: «Үйде қарындасымның отбасы. Күйеубала кеше хабарласқан. Өзіміздеде топан су болып келе алмадық. Бүгін міне келіп көріп жатырмыз. Су үйге кірген. Енді жергілікті биліктен көмек болса өзімізде көмектесеміз».

Су көшкінен келген зақымды штаб мүшелері зерделеуде. Шымкент қалалық құрылыс басқармасының мамандары әрбір үйге келтірілген зақымды анықтауда. Ауылда қазір төтенше жағдайлар департаменті мен әскерилер жұмысқа жұмылдырылған. Негізгі жұмыстар су басқан аулаларда, арық атыздарда жүргізілуде. Синоптиктердің алдағы күндерге берген болжамдары бойынша келер аптада қайта қатты жауын күтілуде. Сондықтан барлық күш арықтарды басып қалған тастардан тазалауға жұмсалуда.

Шынар Оразова