Шымкент: Ауруханадағы шу неден шықты?

172

Шымкент қалалық №1 ауруханада орын алған шудың шығу себебі белгілі болды. Медицина қызметкері мен пациент арасындағы жанжал әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түскен еді.

Видео авторының айтуынша, пациент бас дәрігердің туысымын деп дөрекі әрекет жасаған көрінеді. Ал екінші тарап – кері пікір білдірді.

Бұл ер адам медицина қызметкерлеріне дөрекілік көрсеткен. Және өзін қалалық №1 клиникалық аурухананың басшысының туысымын деп таныстырған көрінеді.

Ал бұл науқастың өзі. Адель Асылханова өзінің бас дәрігермен ешқандай таныс емес екендігін жеткізді. Ол ауруханаға түскен кезде ағасы оның денсаулығына қатты уайымдаған. Сондықтан медицина қызметкерлеріне дауыс көтеріпті.

Адель Асылханова: «Ол бізді видеоға түсіре бастады. Біздің мүлде дәрігерге қатысымыз жоқ. Шынымды айтсам, мен оның кім екенін де білмеймін. Иә, сол кезде менің ағам қатты ашуланды. Егер ол менің ағам болатын болса, біз онда ұзақ отырмас едік және күтпес едік. Олар мені жоғары деңгейде қабылдайтын еді. Бірақ қазір оларға қарсы еш шағымымыз жоқ».

Бұл оқиғадан бірнеше күн өткеннен кейін әлеуметтік желіде «кешірім сұрау» бейнежазбасы пайда болды. Ал шудың шығуына анализ жауаптарын ұзақ уақыт күтуі себеп болған екен.

 «Біздің ауруханаға бір келіншек келіп түсті. Оны дәрігерлер қарап, анализ тапсыруға жіберді. Бірақ техникалық проблемалар туындағандықтан ол ұзақ уақыт алды. Содан кейін туысы ұрсыса бастады және оның талаптары болды. Алайда қазір бір-бірімізге ешқандай шағымымыз жоқ».

Айта кетейік, қазірде қос тарап бір-бірін түсінісіп бітімге келген. Алайда бұл оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүріп жатыр.

Мөлдір Ибадуллаева