Тұрғындардың микроқаржы ұйымдарына қарызы көбейген

64

Микроқаржы ұйымдарынан алған қарызын уақытында қайтармай жүрген адамдар көбейген. Биыл тұрғындардың мұндай ұйымдарға 90 күннен аса төлемей жүрген берешегі 6,8 пайызға өскен.

Бірінші несие бюросы өкілдерінің хабарлауынша, микроқаржы ұйымдарының несие портфелі 635 млрд. теңгеге жеткен. Оның 30 пайызы Алматы қаласы, Түркістан және Алматы облысына тиесілі.

Ал шағын және орта бизнес өкілдері қарызды осындай қаржы ұйымдарынан жиі алады,- дейді мамандар. Кәсіпкерлер несиені көбіне инвестиция үшін рәсімдеген.

Шынар Оразова