Бірінші жартыжылдық аяталғанға дейін елімізде жаңа облыстар құрылуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.
Қазір қайта құрылатын аймақтардың өкілдері мен ұлттық экономика министрлігі талқылауды бастады. Министрдің сөзінше, елде жаңа өңірлерді құруға қаражат қоры жеткілікті. Тіпті қажет болса, қосымша қаражат бөлінетін болады.
Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі: «Жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктер, жаңа әкімдіктер салынады. Штат қайта қаралады. Мемлекет басшысы бекітсе, барлық әкімшілік шығындар республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Мұның бәріне ақшамыз бар. Қосымша қаражат керек болса, оны бөлуге дайынбыз».
Шынар Оразова