Шымкент қаласының әкімі Абай ауданы халқының алдында есеп берді

151

Шымкент қаласының әкімі Абай ауданы тұрғындарының алдында есеп берді. Халықпен кездесу барысында Мұрат Әйтенов алдағы жоспарларымен бөлісіп қана қоймай, проблемалы сұрақтарға жауап берді. Жиында сын-ескертпе басым болды, алайда биліктегілерге алғыс та айтылды.

Мұрат Әйтенов тұрғындардың көтерген мәселелерінің бір қатарын есепті жиында шешуге тырысты, ал күрделі уақытты талап ететін проблемаларды ұзаққа созбай шешуді қармағындағыларға тапсырды.

Енді бұл форматтағы кездесулер енді барлық аудандарда өтеді. Әкім атқарылған және болашақта жасалатын жұмыстар жайлы баяндауда. Абай ауданы халқы ең тығыз қоныстанған аудан. Аймақта су, газ және жолдар жалпы инфрақұрылымды тартуды қажет ететін шалғай елдімекендер жетерлік. Мұрат Әйтенов барлық мәселелер кезеңімен шешіледі деп сендірді.

Залда мәселелері шешімін таппай жүрген елді мекендердің, шағын аудандар мен учаскелердегі тұрғындардың аманатын жеткізуге келгендер жиналған. Басым бөлігі өз сұрақтарына жауап күтуде, ал сауалдар, сан алуан . Әкімнің өзіне сұрағымызды қойып үлгермейміз-ау дегендер алдын ала дайындап та қойыпты.  Әкіммен есептік кездесуге 300 ге жуық адам жиналған. Тұрғындардың сұрақтарына қала әкімдігіне қарасты басқарма басшылары, әкімдік мамандары мен халық қалаулылары жауап берді. Басты сұрақ – » газ қашан болады?». Мұрат Әйтенов сабырлық танытсаңыздар жақын арада береміз деп атап өтті.

Ауыз су мәселесі де кезең кезеңімен шешілуде, 2023 жылы проблемалар болмауы тиіс. Көше жолдарын жөндеу жұмыстары мен жаңаларының құрылысы жалғасады. Жолдарға қатысты мәселе көп, алайда олардың барлығы бақылауымда дейді әкім.

Атқарылған жұмыстар бойынша есеп аяқталысымен сұрақ-жауапқа көшті. Тұрғындарды мазалайтын өзекті мәселелер газбен қамту, мектеп және балабақшалардың жетіспеушілігі, жолдардың жағдайы. Қала басшысына алғашқылардың бірі болып Гүлжахан Юсупова жүгінді.

Гүлжахан Юсупова, тұрғын: «жарайсыздар, үлкен жұмыс атқарып жатырсыздар  . Біздің Абай ауданындағы проблемалық мәселелермен айналысуға әкімдіктен мамандар келіп тұрады. Барлығынан хабардармыз. Мектептен бастағым келеді, бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен тегін қамтамасыз етілді. . Жанат Тәжиеваға жеке алғысымды білдіремін. Мектептерде бізде бәрі жақсы. Бірақ, кемшіліктер де жоқ емес».

Бірқатар сұрақтар проблемалы .Баспана құжаттарына қатысты. Тұрғын әуежай маңындағы тұрғындар үйлерін рәсімдеп, құжаттарын ала алмай жүргенін айтты. Сондай-ақ, бұл ауданның тұрғындары жол проблемаларынан шаршады, дейді ол . Көз жеткізу үшін әкім тіпті қонаққа шақырылды. Шымкент еліміздегі демографияның өсуі бойынша көш басында. Жыл сайын шахарда 30 мыңға жуық нәресте дүниеге келеді, оңтүстік мегаполисте егіздер мен үшемдердің рекордтық саны байқалады. Бала туудың өсуіне байланысты Мұрат Әйтенов қалада перзентханалардың жетіспеуіне алаңдаушылық білдірді. Ол жақын арада бұл мәселе шешілетінін айтты:»Шымкентте перзентханалар жетіспейді. қазір тағы біреуінің құрылысы бастауды жоспарлаудамыз. жақынарада шешімін табады».

Есептік кездесуден кейін әкім тұрғындармен ұзақ уақыт сөйлесті. Қарамағындағылар көтерілген мәселелерді бақылауға алды, ал Шымкент депутаттары барлық мәселелерді шешуді назарға алатын болады.

Мұндай бейресми кездесулер тұрақты түрде өтеді, әкім кез-келген сындарлы диалог пен сынға дайын екенін айтады. Ең бастысы, қала тұрғындарының проблемалары тез шешілуі керек, ал нәтижелері мен қорытындылары қандай болатынын уақыт көрсетеді.

                                                                                Шынар Оразова