Кентау қаласының бұрынғы әкіміне қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды

86

Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажановқа қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды. Алматы қалалық соты сотталушының апелляциялық шағымын қарады, ол қанағаттандырусыз қалдырылды, үкім заңды күшіне енді.

«Д. Махажанов 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол аса ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды»,- деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Бұған дейін сот үкімімен М. пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте істеуіне тыйым салынып, қауіпсіздігі ең жоғары қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.

Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласын басқарған Дәурен Махажановтың қылмысы дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екенін айтқан еді.