Түркістандағы «Ақмарал» емханасы 32 мың тұрғынға қызмет көрсетеді

181

«Ақмарал» емханасы Түркістан қаласының 32 мың тұрғынына алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен бұйрық бойынша, ол қызмет түрлерін 18 жасқа дейінгі балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, студенттер, жалпы 10 санат бойынша тізімге енгізілген азаматтар ала алады.

Дина Битемірова балалар кардиологы. Ол сонымен қатар емханадағы Ана мен бала денсаулығын қорғау бағытындағы жұмыстарды үйлестіреді. Шаралар демографиялық, экономикалық, еңбек, әлеуметтік, мәдени, тіпті қорғаныс әлеуетінің негізін құрайды, дейді дәрігер. Жылды қорытындылай келе, тұрғылықты халық , әсіресе әйелдер қауымы өздерінің және балаларының денсаулығына мұқият қарай бастады. Басым бөлігі скринингтік тексерулерден мерзімінде өтуде дейді маман.
Дина Битемірова, «Ақмарал» емханасы бас дәрігерінің «Ана мен бала денсаулығын қорғау» жөніндегі орынбасары: «Біздің емханада Түркістан қаласының 32 000 тұрғынына қызмет көрсетіледі. Оның 12 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы барлық балалар профилактикалық тексеруден өтуі тиіс. Сондықтан ата-аналарды балаларын тексеруге әкелуге шақырамыз. Мұнда біз толық сараптама жүргіземіз».

Емханада ағымдағы жылға жоспарланған іс шаралар толығымен орындалыпты. «Салауатты өмір салтын ұстану» бойынша халық арасында түсіндірме жұмыстары жалғасуда . Ең өзекті мәселелердің бірі- 0-1 жас аралығындағы сәбилерге мерзімінде екпе жасату.

Дина Битемірова, «Ақмарал» емханасы бас дәрігерінің «Ана мен бала денсаулығын қорғау» жөніндегі орынбасары:»Түркістан қаласында орналасқан облыстық перинаталдық орталық, перзентаханадан босанған әйелдер балаларымен шығарылғанда, мекенжайы бойынша емханаға тіркеледі. Біз учаскелік дәрігерді жібереміз. Ол баланың 1 жасқа дейін бақылап тұрады. Соынмен қатар баланың 3, 6 айлығында 1 жақса  дейін  бірқатар ауруларға екпе жасалады. Ата-аналар балларының денсаулығы мықты болсын десе шақырған уақытта келіп екпесін алуы тиіс».

Қазір  жіті респираторлық вирустық инфекцияның /ЖРВИ/ маусымы, сондықтан қауіпсіздік шараларына мұқият болған абзал. Қоғамдық орындарда бетперде киіп, жеке бас гигиенасын сақтаңыздар. Егерде өзіңізді жайсыз сезініп, дене қызуы көтерілсе, үйге дәрігерді шақырыңыз. ЖРВИ асқындырып алу өте қауіпті-деп кеңес береді дәрігерлер.