Жастардың көбі микрокредиттік ұйымдарға берешек

19

«Студенттердің несие алғаны жайлы ата-аналарына хабарлап отыру керек». Мәжілісте осындай бастама көтерілді. Депутат Александр Милютиннің айтуынша қазір жастардың көбі микрокредиттік ұйымдарға берешек.

 

Алатын шәкіртақыларымен несиені өтей алмайды. Кейін оған үстемақы қосылады, шағын банктер ата-аналарына қоңырау шалып, қарызды өтеуді талап ете бастайды. Алайда ол уақытта несие мөлшері студенттің ғана емес, ата-ананың өзіне де ауырлық келтіреді,- дейді депутат.

Сол үшін жастардың қарыз алғаны жайында ата-аналарына хабарлап отыру керек деген пікірде. Әрі әскерге аттанған жігіттердің несиесі болса, отан алдындағы борышын өтегенше оны шегере тұру қажеттігін айтты.