Келестік шаруалар ерекше асқабақ түрін саудаға шығарды

198

Келес ауданы – ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорттық әлеуеті жоғары шекаралық аумақ болып табылады. Бүгінде шарулар егін егу саласында жаңа технологияларды енгізумен қатар өнімнің жаңа түрлерін алуды жолға қоюда. Солардың бірі Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Бозсу ауылының тұрғыны – Зупарәлі Пардақұлов.

Ол өзі төрағалық ететін «Қуаныш» шаруа қожалағы аумағындағы 8 гектар суармалы егістік алғабының 0,5 гектарына кабачки(асхана асқабағы) өнімін егіп, еліміздегі ірі қалалардағы сауда орындарына сатуда.
-Қаңтар айында өнімімізді егіп, бүгінде базарға шығарудамыз. Өнімге сұраныс жоғары. Бұрындары ауылымызда бұл өнімнің түрін екпеуші едік. Біз үшін бұл жаңа өнім болып табылады. Жеріміздің құнарлылығының арқасында жаңа өніміміз жерсініп, мол дақыл беруде, – дейді шаруақожалық төрағасы.
Шаруа жыл сайын өзіне қарасты жерге қырыққабат, шалғам, картоп сынды көкөністерді егіп, сайдалайды екен.
Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округі аумағындағы Бозсу елді мекеніндегі ауыл шаруашылық мақсатында егістік жерге дихандар ерте еккен егістіктің жемісін көріп жатыр. Айта кетейік, жалпы Ақтөбе ауылдық округі бойынша суармалы жер көлемі – 4 689 гектарды құраса, оның ішінде 1 725 гектарға көкөніс дақылы егілген.