Президент Еуразия даму банкінің Ресейдегі үлесін сатып алу туралы заңға қол қойды

62

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын және Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының жоғары білім беретін білім беру ұйымдарының филиалдарын құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Еуразия даму банкінің төленген жарғылық капиталындағы Ресей Федерациясы үлесінің бір бөлігін сатып алу және сату туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының  заңына  қол қойды.