Шымкенттегі мектеп-гимназия бір допты 232 мың теңге сатып алмақ болған

1647

Шымкентте №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы мемлекеттік сатып алу жоспарында 2,7 млн теңге бюджет қаражатына 20 доп сатып алмақ болған. Алайда тауардың әрбір данасы 2-ден 10 есеге дейін асыра бағаланып есептелген.

Мәселен, білім беру мекемесіндегілер баскетбол добының бір данасын 232 мың теңгеге, ал волейбол добын 42 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Дәурен Ерғариннің мәліметінше, антикор мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына жоспардың тармағын қайта қарау туралы ұсыныс хат жолдаған.  Нәтижесінде 2,2 млн теңгеден астам қаржы үнемделді.

Айта кетейік, бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сатып алу нарығының ашықтығы мен қолжетімділігін арттыратын «Бірыңғай сатып алу терезесі» веб-порталына үнемі мониторинг жүргізеді.