Жастарды кері ағымның жетегінде кетуден сақтау шаралары ұйымдастырылуда

24

Шымкент қалалық Дін істері басқармасы жергілікті оқу орындарында діни экстремизмнің алдын алу тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған жиында өзекті мәселе төңірегінде құқықтанушы, психолог, саясаттанушылар мен теолог мамандар сөз сөйледі. Аталған іс шараға  250-ге жуық студент қатысты.

Намаздағы өзгерістер, ретсіз сақал өсіру, шалбардың балағын қысқарту, музыкадан бас тарту, мінездегі өзгерістер. Бұл, дін атын жамылған ағымдардың әрекет -белгілері. Ал діни фанатизм мен оның зардаптары, қазіргі таңда актуалдылығы ең жоғары мәселелердің бірі.

Бүгін Орталық Азиялық Инновациялық университетінің 1 курс студенттерімен діни экстремизмнің алдын алу тақырыбында арнайы кездесу ұйымдастырылды. Маңыздылығы жоғары басқосуда білікті теолог және политолог мамандар жастардың теріс ағым жетегінде кетуіне не түрткі болатынын түсіндірді.

Сәкен Мәжінбеков, философия ғылымдарының кандидаты, доцент: «Шынын айтқан кезде қоғамда адасушылық көп екенін мойындау керекпіз. Бұл мен ойлаймын білімнің жеткіліксіздігінен болады. Сондықтан неғұрлым адам өзінің білімін жеткізіп, арттырып жатса, ол адам адасудан ада болады деп ойлаймын. Жаңа лекция барысында айттым, қазір де айтамын, ең бірінші сіз дінге Аллаға жақын боламын десеңіз, бірінші ата-анаңыздың разылығын алыңыз. Екінші ұлтыңызға қызмет етіңіз. Ешқандай артық есепсіз, риясыз еңбек ету дейді. Осыларды жасаған кезіңізде сіз Алланың сүйкімді құлына айналасыз».

Шара барысында теолог Икрам Айтаев, теріс ағымдардың адамның өміріне тигізетін зияны жайында айтып берді. Маманның сөзінше, бүгінде бұл проблеманың алдын алу, онымен күресу мақсатында арнайы топтар құрылған.

Икрам Айтаев, Шымкент қалалық Дін істері басқармасы: «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теологы: «Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде әртүрлі діни ақпараттар, былайша айтқанда экстремизм, террористік, окульттік, дұрысы бар, бұрысы бар. Біз дін істері басқармасы тарапынан арнайы бекітілген түсіндіру топтары бар. Ол топтардың құрамында дін танушылар, исламтанушы, саясаттанушы ғалымдар бар. Мақсатымыз мектеп, колледж, университет, мемлекеттік мекемелерде діни танымдық ақпараттық түсіндіріп беру. Бүгінгі шара жастарға әлеуметтік желілерде дұрыс дереккөздерге жүгіну, әлеуметтік желіде әртүрлі дәстүрлі емес салафиттік көзқарастағы, әртүрлі көзқарастағы әлеуметтік желіде діни ақпараттар кездеседі, солардан сақ болу мәселесі және қоғамда кездесетін дәстүрлі емес ұстанымдағы азаматтардың сыртқы белгілері, жүрген жүрісі сөзіндегі деген сияқты әр түрлі белгілерінен сақ болу деген мақсатында өткізілуде».

Жиынға қатысқан 1 курс студенті Мардан Орынбай аталған кездесудің бүгінгі жастар үшін маңыздылығы өте жоғары екенін айтады.

Мардан Орынбай, студент: «Бұл мәселе қазіргі қоғамда өте ахуалды. Себебі қазіргі заман білімдінің заманында, әрбір нәрсеге жас болған соң еліктей береміз. Әртүрлі адам өміріне қауіпті немес сана сезіміңді бөлектетіндей болады. Сәкен ағай осының алдын алу шараларын үйретті. Олардың бет әлпеті, тұрыстары, дінге деген көзқарастары және ең маңыздысы сөйлеу тәртіптерін атап өтті. Спикерлердің әрбір сөзі өте маңызды болды. Ауыр айтса да біз оны жөнді түсіндік. Адамның сана сезімі болса, оны тереңінен ойласа, мұнда үлкен мағына жатыр».

Айта кетейік, үшінші мегаполисте 30 қазан күнінен бастап осы лектегі ақпараттық түсіндіру шаралары өткізілуде. Мұндағы мақсат жастарды кері ағымның жетегінде кетуден сақтау. Бүгінде әлем болып қарсы тұрып күресіп жатқан экстремизмнің қоғамға, оның ішінде жастарға тиігізер зардабы орасан екендігін ұғындыру болып табылады.