1 жасар бала әжетхана ойығына түсіп кетті

35

Түркістан облысында 1 жастан асқан бала әжетхана ойығына түсіп кетті. Оқиға Қазығұрт ауданында орын алған. Абырой болғанда оны анасы дер кезінде байқап, 10 жасар ұлын көмекке шақырған. Ол беліне арқан жіп байлап, анасының демеуімен кішкентай бауырын өлімнен арашалап қалған. Үлгі болар ісі үшін 4 сынып оқушысы Нұрали Құдыретұлын облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы арнайы Алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпат табыстады.

Түркістан облысы ТЖД баспасөз хатшысы Шыңғыс Сүлеймен: «Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауыл округі, Жылыбұлақ елді мекені, Төленді Мұса көшесіндегі №43-ші үйдің әжетхана ойығына 1 жасар баланың түсіп кеткені анықталды. Бүлдіршінді 4-ші сынып оқитын ағасы құтқарып қалған. Бүгінде баланың ерлігі еленіп, арнайы алғыс хат табысталды».