Шығынды өндіру туралы іс медиация тәртібімен аяқталды

19
фото Ассамблея.кз

Түркістан облысы Кентау қалалық сотының үкімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауапкер А. кінәлі деп танылып, оған осы баппен 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

Аталған қылмыстық іспен жауапкер А. талап қоюшы А-ға 135 000 теңге материалдық шығын келтірген. Талап қоюшы А. жауапкер А-дан 135 000 теңге материалдық шығынды өндіруді сұраған.
Сотта татуластырушы судья жүргізетін татуластыру рәсіміне қатысуға тараптар шақырылып, оларға татуласудың тиімділігі түсіндіріліп, нәтижесі оң болған.
Татуласу рәсімдері жүргізіліп, сот кеңсесіне тараптардан өтініш түсіп, онда тараптар істің сот отырысына қатыспайтындарын көрсетіп, өтінішке тіркелген тараптар жасаған дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.
Нәтижесінде талап қоюшы А-ның жауапкер А-ға материалдық шығынды өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс бойынша дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы тараптардың келісімдері келесі шарттар бойынша бекітілді:
Жауапкер А. талап қоюшы А-ға 135 000 (бір жүз отыз бес мың) теңгенің 50 000 (елу мың) теңгесін қайтаруға, қалған 85 000 (сексен бес мың) теңгені 2024 жылдың 25 наурызына дейін төлеп беруге міндеттенеді. Талап қоюшы А-ның жауапкер А-ға 135 000 теңге материалдық шығынды өндіру туралы талап қоюдан бас тартады.