Шымкенттік жалған доллар сатқаны үшін бас бостандығынан айырылды

34
фото egemen.kz
Қазақстан азаматы Шымкенттегі дәмханалардың бірінде жалған АҚШ долларын сатпақ болған. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторниг агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 
Аталған факті бойынша қылмыстық істі Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласындағы департаменті тергеді. Аталған азамат 100 долларлық банкноттармен 1900 АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақшаны сатқан кезде қылмыс үстінде ұсталды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде сот Шымкент тұрғынын кінәлі деп танып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, — делінген хабарламада.