Қазақстанда коммуналдық қызметтердің бағасы күрт өсті. Энергиямен қамтамасыз ету, газ беру мен жылу 4 пайызға көтерілсе, сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйесі мен қалдықтарды жинау қызметтері 1,6 пайызға қымбаттады. Бұл деректер Еуразиялық экономикалық комиссиясы жариялаған өнеркәсіп өнімдері мен коммуналдық тарифтердің есебінде көрсетілген.
Биыл қаңтар айында өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда Еуразиялық экономикалық одақта өнеркәсіп өнім өндірушілерінің бағалар индексі 117,7 процентті құрады.
Өткен жылдың желтоқсан айына қарағанда өнеркәсіп орындарының бағалары 1,3 пайызға төмендеді. Соның ішінде кен өндіру мен карьер қазу саласында бағалар 5,1 процентке, ал өңдеу өнеркәсібінде 0,1 процентке түсті.
Ал электр энергиямен қамтамасыз ету, газ беру мен кондициялау қызметтері 0,5 процентке өсті. Сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйесі мен қалдықтарды жинау қызметтері де 0,1 процентке көтерілді.