Шымкентте еңбек өнідірісінде 41 жазатайым оқиға тіркелді. Оның ішінде 4 адам қайтыс болды. Олардың басым бөлігі еңбек қауіпсіздігін сақтамағандар дейді мамандар. Бұл туралы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне арналған кездесуде айтылды. Жиынға білім беру саласының мамандары қатысып, еңбек жағдайын бағалау, жұмыс орындарын аттестаттау және кәсіби тәуекелдерді төмендету бойынша ақпарат алды.
Шымкент қаласы бойынша жыл басынан бері еңбек қауіпсізідігі талаптары сақталмауы салдарынан 14 жазатайым оқиға тіркелген. Оның ішінде 4 факті кісі өлімімен аяқталған. Олардың басым бөлігі коммуналдық, құрылыс, өндірістік салада орын алған дейді еңбек инспекциясының мамандары. Олардың айтуынша, биыл тиісті мекемеге мыңнан астам адамнан арыз-шағым келіп келіп түскен. Оның 500 — ге жуығы ұлағатты ұстаздар дейді.
«1200 — ден аса арыз шағым қарадық. Оның ішінде 465 мектеп мұғалімдеріне қатысты. Көбісі еңбек демалыстарын дұрыс бермеу, тәртіптік шараларды дұрыс көрмеу деген секілді арыздар келіп түскен. Олардың ішінде 80 пайызы шешілді. Ал 20 пайызын шешілмеді деп айтуға болмайды. Оларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді».
Бүгінгі жиын мұғалімдер үшін тиімді болмақ дейді мамандар. Өйткені, ұстаздар, сарапшылардан еңбек кодексінің талаптары, жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі нормаларын сақтау жауапкершілігі туралы мағлұмат алды. Яғни, жұмыс беруші ұстаз, мейлі өндірістік кәсіпорын болса да, еңбек қауіпсіздігін үйретуге міндетті дейді.
Фахреддин Қаратаев, «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының» филиал төрағасы: «Біздің міндетіміз — осы білім саласындағы, өндіріс саласындағы мамнадарды оқытып, қолдарына сертификат береміз. Біздің институттың филиалы, тек қана осы жұмыстарға арласамыз. Қазір білесіздер көптеген ЖК, ЖШС ашып алып, жұмыс жасап жатқандар көп. Олар оқымай тұрып, қолдарына сертификат алып, одан кейін жұмыс берушілер мен жұмыс алушылармен арасындағы кикілжіңдер осыған байланысты шығып отыр. Осыған байланысты, әрбір сала бойынша жинап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырмыз».
Бұл ұлағатты ұстаздар үшін тиімді жиын болды ма? Әлде тиімсіз болды ма? Өздеріне қалдырдық. Ал, еңбек инспекциясының мамандарынан жалпы өндірістегі жазайтайым оқиғалардың орын алу барысын сұрадық. Айтуынша, кейбір жұмыс беруші, қауіпсіздік талаптарын сақтауға келгенде құлықсыз болып жатады. Ал, енді бірі ережелерге өте мұқият болғанымен, жұмысына салғырт қарайды, дейді басшының орынбасары. Әсіресе, қосалқы мердігер мекемелерде мұндай заңсыздық көптеп кезедеседі дейді.
Серік Алиманов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті басшысының орынбасары: «Қосалқы мердігермен жұмыс жасаған уақытта қосалқы мердігердің өзі жұмыс беруші болып табылады. Ол өзі жұмыскермен еңбек шартына тұруға міндетті. Тіпті, жұмыскердің өзі ниетті болу керек. Талап ету керек. Олардың көбі жұмыс көлеміне келісіп жатады. Сосын, бізге шағымданып келіп жатады. Оны біз шеше алмаймыз. Қызмет көрсету шартын сотпен шеше алады».
Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша еңбек инспекциясының өкілдері жыл басынан бері 246 арнайы тексеру жүргізген. Нәтижесінде, 71 мекемеге қатысты шешім шығарылып, 13 млн. теңге айыппұл салынған. Олардың 10 млн. теңгеден астамы мемлекет қазынасына өндірілді.
Нұргүл Жолымбетова






