Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. М. ҚК-нің 301-1-бабының 1-бөлігімен (шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату) айыпталған.
Сотталушы М. 2024 жылдың желтоқсан айында заңға қайшы екенін біле тұра электронды вейптерді әлеуметтік желілері арқылы тұтынушылардан тапсырыс қабылдап, сатқан. М.-ның үйін тінту барысында 495 бірлік мөлшерінде электрондық тұтыну жүйелері (вейптер) тәркіленді, сондай-ақ алынған өнімнің орташа нарықтық құны 5 008 000 теңгені құрады.
Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді. Прокурор сотталушыға айыппұл түріндегі жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушы кінәсін толық мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін толық мойындап, істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіргенін және асырауында жасөспірім балаларын болуын ескерді, ал жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар жоқ деп тапты.
Сот, М.-ды ҚК-нің 301-1-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 196 000 теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енді.







