Қарашадағы қаралы күн… Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы алапат өрт 12 адамның өмірін жалмаған болатын. Үш адам, оның ішінде 2018 жылы туған бала ауруханаға жеткізілді. Кейіннен аман қалған үш адам санавиациямен Шымкент қаласындағы ауруханаға жеткізілген болатын.
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев тілсіз жаудан аман қалған үш адамның жағдайы туралы айтты.
Сенатта өткен брифингте ол екі ересек адамның жағдайы жақсарып келе жатқанын және олар Шымкентте ем алып жатқанын хабарлады.
«Барлық зардап шеккендер Шымкент қаласындағы ауруханаға жеткізілді, қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Министрлік үш адамның жағдайын ұдайы бақылауда ұстап отыр. Баланың жағдайы өте ауыр. Емдеуге Алматыдан мамандар қосылып, үнемі кеңес беріп отыр. Шымкентке де профильдік мамандар келіп, емді түзетті, жағдайды бақылап отыр. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл мәселе Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында», — деді Сұлтанғазиев.







