31 желтоқсан күні Астана алаңында жаңа жылдық кеш өтеді. Онда мерекелік әншашумен бірге отшашу да болады. Дәл осы мерекелік іс-шараға қала әкімдігі тұрғындарды шақырды.
«Жаңа жылдық шыршаны тамашаладыңыздар ма, енді Жаңа жылдық кешті тамашалауға шақырамыз».
Қала әкімдігі тұрғындарды 31 желтоқсан күні Астана алаңында өтетін Жаңа жылдық кешке шақырды. Онда гала-концерт өтеді. Отшашу атылады. Бұл туралы «Қызғалдақ» сарайының брифинг залында өткен баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мәлім етті.
Сонымен қатар ресми өкіл қала мектептеріндегі жаңа жылдық кештердің қалай өтетініне тоқталды. Оның сөзінше, мерекені атап өтуге ешкім қарсы емес. Бірақ оның мән-мағынасына үңілу маңызды. Бұл мәселеде оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігін ескерген абзал.
Спикер алда-жалда ата-аналардан ақша жинау жағдай анықталса, заң талабына сәйкес шара көрілетінін де ескертті. Және қалай жазаланатындарын да айтып берді.
Ресми өкіл заң сыйлық алғандармен бірге бергендерге де бірдей жұмыс істейтінін де атап өтті. Айта кетейік, сыйлық беру мен қабылдауға тыйым салу заңмен реттеледі.
Дилара Иса






