Úı ANONS Түркістан облысының әкімі тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады

Түркістан облысының әкімі тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кезекті жеке қабылдау өткізді. Ол Түркістан қаласы мен өзге аудандардан келген тұрғындардың өтінішіне құлақ асып, шешу жолдарын қарастырды.

 

Тұрғындардыңң басым бөлігі,  тұрғын үй және жер алу, иннтернет сапасын жақсарту, әлеуметтік, білім  сапасын жақсартуды сұрады. Олардың арасында білім беру, әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамтуға қатысты прроблема көтергендер де бар.

 

Ал, қабылдауға жауапты басқарма басшылары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, көтерілген мәселелердің шешу жолдарын қарастырды. Облыс әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, барлық мәселенің заң аясында шешілуін жеке бақылауына алды. Тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, бірқатар мәселе қабылдау барысында оң шешімін тапты. Облыс басшысы мұндай қабылдау тұрғындармен тікелей байланыс орнатудың және мәселелерді жедел әрі тиімді шешудің маңызды тетігі екенін атап өтті.

Нұргүл Жолымбетова