Нұрсұлтанның анасы табылды, енді ұлы жоғалды…

407

Қыркүйектің 6 – күні Шымкенттегі «Тұлпар» демалыс аймағының жанында Нұрсұлтан есімді жасөспірім табылғаны жайында айтқан болатынбыз. 15 жасар жеткіншек үй жайы қайда екенін, тіптен туыстарының да есімін нақты білмейтін.

Араға сегіз күнді тастап, Нұрсұлтанның нағашы атасы «Оңтүстік Рабат» газетінің редакциясына қоңарау шалған болатын. Ол немерісінің суретін газет бетінен көріпті.

Газет тілшілері бұл ақпаратты Нұрсұлтанды қарамағына алған  уақытша бейімдеу орталығына тез арада хабар беріп, ондағылар  анасымен де кездесіп үлгерген.

Анасының сөзіне сенсек, Нұрсұлтан үйінен жиі қашып кетеді екен. Оны іздеуден шаршаған туыстары, бұл жолы да өзі келер деп отырғанға ұқсайды.

Алайда осы тұста, қыркүйектің 14-і күні түңгі сағат екі жарымдарда Нұрсұлтан уақытша бейімдеу орталығынан тағы да қашып кеткен. Бүгінде тәртіп сақшылары,  туыстарымен бірлесе  оны іздестіру үстінде. Егер де Нұрсұлтан Мүсәліповты кездестірсеңіз, 41-02-67 нөміріне хабарласуыңызды сұранамыз.