Лондондағы Паралимпиялық ойынға іріктеу Шымкентте өтті

173
жарыс көтеріңкі көңіл күйде өтті

Төрт күні бойы Республикалық жарыста 500-ден аса спортшы өз ептілігін сынға салып, жүзден жүйрік болуға талпынды. Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы мұндай дода төрт жылда бір рет ғана өтеді. Содан болар әр бір облыс өз құрамасын жасақтап, жүлде қоржынын медальдармен толықтыруға тырысады. Биыл да 15 команда оңтүстікте  жиналды.

Бірінші күн. Ресми ашылу салтанаты.

Қазанның бесі күні таң ертеңнен бастап, орталық стадионға адамдар ағыла бастады. Олардың бірі жарысқа қатысушы болса, енді өзгелері спортшыларға қолдау көрсетуге келген жанкүйерлер еді. Спорт сүйер қауым трибуғана жайғасса, қатысушылар жағы сап түзеп тұр. Салтанатты ашылу рәсімі ҚР туризм және спорт министрлігінің төрағасы Елсияр Қанағатовтың тілегінен басталды. Ол 3-ші Паралимпиадалық ойынның алауын түтетіп, халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген отандасымызға табыстады. Алау стадионның төрінде тұрған қазандыққа жеткізілді. Осылайша республикалық жарыс ашық деп жарияланды.

Елсияр Қанағатов – Паралимпиадалық спорт комитетінің президенті
«Осындай жарыстың арқасында паралимпиадалық спорт түрлерін дамытсақ деп отырмыз. Мұндай жарыстардың қатары көп болуына да шаралар қолданамыз. Демеушілердің қатары көбейсе, спорт кулбтарын, кешендерді ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Бұл жарыс 2012 жылы Лондонда өтетін дүбірлі сайыс алдындағы дайындық деуге де болады».

Екінші күн. Алғашқы нәтижелер.

Жарыстың алғашқы күнінен бастап-ақ спорт алаңында қызу тартыстар басталып кетті. Үміткерлер бар күш жігерін ортаға салып жатса, жанкүйерлер жағы командаласына қолдау көрсетуде. Жеңіл атлетика бойынша 120 спортшы ұзындыққа секіруден сынға түсті. Олардың арасында Қызылордалық Алмат та бар. Бір қолынан айрылған Алматтың спорттың бұл түрімен шұғылданып жүргеніне 10 жылдай болған. Республикалық жарыстарда күмістен алқа таққан спортшы бұл жолы алтынға қол жеткізсем деиді.

 Қызылордалық спортшы, Алмат: «Ендігі мақсатым жеңіске жетіп, Лондонда өтетін дүбірлі сайысқа жолдама жеңіп алу. Ол үшін әлі де еңбектену қажет.»

Қызылорданың қоржыны 2 алтын медальмен толықты, алматылық жел аяқтар да 2 рет жеңіс тұғырына көтерілді. Ал оңтүстіктен жалғыз бір спортшысы ғана алтыннан алқа тақты.

Үшінші күн.

Алғашқы үш күннің ішінде сайыстың көп бөлігі ойнатылып,медальдар өз иелерін тауып та қойған болатын. Шымкенттіктердің жүлде қоржыны 6 медальмен толығып та үлгерді.Командалық есепте қай құраманың көш бастап отырғанын айту қиын. Өйткені, әр күні көрсеткіш өзгеріп отырды. Паралимпиялық ойынның қорытындысы бойынша Лондондағы дүбірлі сайысқа жолдама да жеңіп алуға болады. Сондай ақ, бір қатар отандастарымыз халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына да ие болуы мүмкін еді. Қазақстанның рекордын жаңалайтындар да көзге түсері сөзсіз екенін төрешілер жағы алға тартып жатты. Алғашқы үш күннің өзінде мүмкіндігі шектеулі жандар жаңа достар тауып, жарыстың өтуі жайында пікір де қалыптасқан.

Төртінші күн. Қорытындылау.

Ақтық ойынның кезі де келіп жетті. Волейбол, үстел теннисінен алтын медальдар сарапқа салынып жатса, жеңілатлетшілер жеңісін тойлап та үлгерген болатын. Оқ атудан да мергендер анықталды. Шымкенттіктер спорттың бұл түрінен бір күміс және бір қола медальды жеңіп алған болатын. Ал пауэрлифтинг бойынша да оңтүстіктің жүлде қоры алтын медальмен толықпады. Жерлестеріміз төрт күміс және бір қола медальды қанжығаға байлады. Үстел теннисінен үш бірдей шымкенттік чемпион атанды. Сондай ақ теннисшілер бір күміс және үш қола медальды жеңіп алды. Жеңілатлетшілер де құр алақан қалмады. Олар: сегіз рет жеңіс тұғырына көтеріліп, қосымша тағы үш жерлесіміз күмістен алқа тақты, және бес қоладан да жүлде болды. Ал жүзуден шымкенттің он бес спортшысы алтыннан медаль тақты. Тоғыз күміс және бес қоладан алқа жерлестеріміздің еншісінде. Қорытындылай келгенде оңтүстіктің қоржынында 59 медаль болды. Ал бүкілкомандалық сынақта төртінші орыннан көріндік.

Облыс әкімінің 200 мың теңгелік сыйақысын – қарағандылықтар иеленді. Ал екінші орынды және 300 мың теңгені Алматы облысының спортшылары еншіледі. Бас жүлде 500 мың теңге және арнайы Кубокті Алматы қаласының құрама командасы жеңіп алды.