Жаңалықтар 

МАБ болмайды

Енді оқушылар төртінші сыныпта мемлекеттік аралық бақылауды тапсырмайтын болады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Білім туралы заңға” осындай өзгертулер енгізді.

– Балалар тесттерді сөмкелеріңе салып қойыңдар, олардың бүгін бізге қажеті жоқ.

Людмила Николаевна бұдан былай күнделікті сабағын тест тапсырмаларын қайталаудан бастамайтын болды. Сұрақ-жауаптарды үнемі еске алу мәселесі енді артта қалды.  Бұл шараға дайындық көп уақытты сарп ететін еді дейді педагог. Ал МАБ-ты жою туралы жаңалықты естіген төртінші сыныптықтар айрықша қуанышқа кенелді.

Людмила Шиянова, №8 гимназияның мұғалімі: “Биылғы оқу жылында біз тесттің екі нұсқасын ғана алып үлгердік. Менің түсінбейтінім, ондағы сұрақтардың кімге арналып құрылғаны. Олай дейтінім, тестте кездесетін біршама сауалдардың жауабын филология факультетінде оқитын студенттердің арнайы анықтамалықтарынан іздеуімізге тура келді. Тапсырмалар өте күрделі. Сұрақтарға төртінші сыныптың оқушысы жауап бермек тұрмақ, жоғары білімді азаматтар қиналып жатқан жайлары бар”.

Күрделі сауалдардың шырмауында осылайша төртінші сыныптықтар да қалып еді. Димаш Нархозиев бос уақытын кітаптардан бас көтермеумен өткізетін. Енді оның шығармашылық жұмыстармен де айналысуға мүмкіндігі бар. Сыныптастарымен бірге осы күндері шағын шумақтар да жазып жүр.

Димаш Нархозиев, оқушы: «Біз балалармен бірге МАБ туралы өлең шығардық. Мұғалімімізге ұнады. Білесіз бе, мен бұрын каратэ, би үйірмелеріне баратынмын. МАБ-қа дайындалу керек болған соң осының бәрін уақытша қоя тұруыма тура келді. Өте күрделі сұрақтарға дайындыққа көп уақытымды жұмсайтынмын. Өйткені, мұғаліміміздің үмітін ақтауымыз керек еді”.

Облыстық білім басқармасындағылар МАБ-ты жоюды оның  қажетсіз екендігімен байланыстырмайды. Тек мектеп оқушыларының білімін бағамдаудың жаңа жүйесін қалыптастырудың кезеңі келіп жетті дейді. Басқарманың бас маманы Эльназ Табирова қазақстандықтарды үлкен өзгерістердің күтіп тұрғанын айтады.

Эльназ Табирова, Білім басқармасының бас маманы: «Мемлекеттік аралық бақылау мемлекеттік бағдарлама бойынша 2005-2010 жылдарға арналған болатын. Яғни, МАБ-тың мерзімі аяықталды деген сөз. Сондықтан білімнің сапасын арттыру үшін 2012 жылдың сәуірінен бастап оқу ордаларының жоғарғы жүйесі жүргізілетін болады. Бұл бағдарлама 2011-2020 жылдарды қамтымақ”.

Мектеп оқушылары тестілеуді тек тоғызыншы сыныпта тапсыратын болады. Бірақ, оның қандай түрде жасалатыны әзірге белгісіз. Қаралып жатқан құжаттың соңғы түйінін Елбасы осы жылдың аяғында түймекші.

Эльназ Табирова, білім басқармасының бас маманы: «МАБ-ты сонымен бірге, 2-курс студенттері де тапсырмайтын болады. Білім сапасының жоғары бағамдалуын 4-курс студенттеріне жүктелмек. Мұндай бақылау компьютерлік тестілеу әдісі бойынша жүргізіледі».

Related posts

Пікір қалдыру

1 пікір - "МАБ болмайды"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

сонымен МАБ болама жоқра?

wpDiscuz