ОҚО жеңіл атлетшілері Елбасынан автобус сыйға алды

Елбасының Оңтүстіктегі сапары спортшыларды да қуантты. Мемлекет басшысы Қажымұқан атындағы стадион жанындағы жеңіл атлетикалық спорт кешенінде болды. Жаңадан пайдалануға берілген бұл нысанның құрылысы өткен қыркүйек айында ғана аяқталған болатын. Жобалық-сметалық құны 604 млн. теңгені құрайтын кешен спортшыларға керекті барлық қажеттіліктермен қамтылған. Мемлекет басшысы мұнда спортшылармен жүздесті. Елбасы оларға жеңіл атлетиканың жетістігін көтеруді тапсырды. Сөйтіп, Қазақстан спорт саласында тек бокс пен күрестен ғана емес, атлетшылермен де мақтана алатын жағдайға жетуі тиіс. Бұған жағдай жасалынып отыр деп, өз сөзін қорытындылай келе, жеңіл атлетшілерге автобустың кілтін тапсырды.