Онкологиялық дертке шалдыққандарға дәрі тапшы (жалғасы)

Дәрі-дәрмектің тапшылығы науқастардың жүйкесін жұқартып барады. Облыстық қатерлі ісік диспансерінде тікеуде тұрған азаматтар дабыл қағуға мәжбүр. Соңғы айда олар дертіне қажетті препараттардан қағылып қалды. Дәрігерлер де дәрі-дәрмек қорының таусылғанын жасырып отырған жоқ.
Николай Гарбулечевтің онкологиялық есепте тұрғанына бірнеше жыл болды. Аураханадан тегін берілетін қажетті дәрісін ішпегелі қазір көп айдың жүзі өтті. Соның  кесірінен бойына жабысқан Диферелин және бонифас атты дерт бет қаратпай асқынып бара жатқанға ұқсайды. Қазір 58 жастағы ел ағасының екі қолы да икемін жоғалтқан.

Николай Гарбулечев- науқас
Мен шілде айынан бері дәрімді қабылдамадым. Дәрігерлер маған керекті препараттың таусылғанын айтқан. Енді қашан болатынын да білмейді. Жаңа диспансерге тағы хабарластым. Дәрі әлі келмепті. Жағдайым қазір қыл үстінде тұр.

Фармацевтикалық өнімнің тапшылығын онкологиялық диспансер дәрігерлері де растап отыр. Ал ортақ дәріханаларда бұл препараттардың бағасы 120 мың теңге екен. Оған Николай Гарбулечев секілді мүгедектік жәрдемақы алатындар үнемі қол жеткізе бермейді. Аталған мәселенің шешімін ақ халаттылар да таппай отыр. Министрліктің осы мәселеге арнайы бөлген 30 миллион теңгесіне сатып алынған тапшы дәрілердің үлкен легі келер аптада келуі тиіс екен.

 

Тілшілер көтерген мәселеге жауап келді. Науқастар тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізді

Нұрлан Орманов-облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері
Бұл біздің кінәміз емес.Негізі дәрі дәрмекті жеткізуші фарм компанияларда қазір деферелин секілді әсері күшті препараттар таусылып қалған.Ал бонифес препараты нарықта бар. Мемлекет тарапынан берілетін тегін медициналық көмекті қазір күтіп отырмыз.

Сонымен, әзірге дертіне дем беретін қажетті дәрметерді науқастар фармокомпаниялардан сатып алуы қажет. Бағасы қанша болса да тығырықтан өздері де шығуға тырысуы қажет дейді дәрігерлер. Сондай-ақ, тегін медициналық көмектің кепілденген мөлшері аясында емханалар мен ауруханаларға қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізуді қадағалайтын комитетке шалынатын қоңырау санында есеп жоқ.

Пулат Иманходжаев- медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау когмитетінің бас маманы  Негізі әлгі тапшы дәрілердің басқа атүрлері бар. олар дәріханаларда толып тұр. Құрамы бір болғанымен атауы бөлек. Бағасы да арзандау. ал науқастар тегін көмекті қалап, дау шығарып отыр. өз дәрігерлерімен ақылдасып, дертін жазатын басқа да препараттарды алуына болады ғой.

Екінші топтағы мүгедек Николай Гарбулечев ешкімді кінәләп отырған жоқ. Дәрі тапшылығы сезілсе амал жоқ сатылымдағы дәрмекке жүгінуіне тура келеді. Ол үшін алатын жәрдемақысын бірнеше ай бойы жинап сақтауы керек. Бірақ, сөйтіп жүргенде дертін дентетіп аламын ба деп қорқады.