Жаңалықтар 

«Парасат» колледжіндегі инновациялар

Педагог маман сабақ барысын лекция түрінде ғана өтпеуі керек. Тәжірибелі ұстаз әрдайым түрлі технологиялар пайдаланып оқушының дамуына жағымды жағдай жасайды. Әрі өзімен теңдей етіп, пікір алмасады. М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының «Парасат» колледжінде өткен семинар осы ұстаздардың біліктілігін артыру мақсатында ұйымдастырылды.

Сабақ үстінде ұстаз студентті тек шәкірт қана емес, оны әріптес-талдаушы ретінде қабылдауы керек. Мардан Сапарбева атындағы ОҚГИ-ның Парасат колледжінің мұғалімдері «Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды қолданудың және оны дамытудағы қиыншылықтары» тақырыбында өткізілген семинар-кеңес осы мақсатты көздеді. Жас маман мен ұстаздық тәжірибесі мол мұғалім арасында жаңа технологияны пайдаланудағы қиындықтар мен оны шешу жолдары жөнінде пікір алмасып, кері байланыс жасалынды.

Бүгінде «Парасат» коледжінде 58 ұстаз сабақ береді. Оның 15-і жас маман. Әсел Фазылова биыл ғана ұстаздық жолын бастаған маманның бірі. Оқытушы тәжірибе жинақтауымда осындай семинарлардан аларымыз мол дейді.

10 жыл бойы шәкірттерін білім нәрімен сусындатып келе жатқан оқу ордасында барлық аудиториялар озық технологиялармен жабдықталған. Парасат колледжінің студенттері түрлі жетістіктерге жеткен. Ұстаздар қауымы бітіруші түлектерін мақтан тұтады. Олардың сұранысқа ие болуы осындай оқу ордасындағы кәсіби ұстаздардың тыңғылықты білім бергенінен деп біледі.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz