Шымкентте бокстан халықаралық жарыс аяқталды

240
Оңтүстіктің 11 боксшысы алтыннан алқа тақты

Қазақстан Парламенті мәжілісінің депутаты Сәуірбай Есжановтың жүлдесіне арналған дода осымен жетінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл жолы 70-тен аса жасөспірім қолғап түйістірді. Олардың арасында Өзбекстанмен Қырғызстанның боксшылары да болды. Нәтижесінде 11 жерлесіміз алтыннан алқа тақты, ал 46 келі салмақта өзбекстандық спортшы Эльдар Сарыбаев жеңіске жетсе, 50 келідегілер арасында Оралдық Наурызбек Абаев бірінші орыннан көрінді.

Жеңімпаздардың тізімі: 44 келі салмақта: Райымбек Жақыпбек – ОҚО, 46 келі салмақта: Элдар САрыбаев – Өзбекстан, 48 келі салмақта: Бекжан Әбілқасым – ОҚО, 50 келі салмақта: Наурызбек Абаев – Орал, 52 келі салмақта: Жамолиддин Мойдинов – Шымкент, 54 келі салмақта: Рауан Затулла – Шымкент, 57 келі салмақта: Дулат Жұмабек – Шымкент, 60 келі салмақта: Азамат Амангелді – Шымкент, 63 келі салмақта: Нұрдаулет Оспанәлі – ОҚО, 66 келі салмақта: Есен Бекболат – Шымкент, 70 келі салмақта: Бағлан Ыдырыс – ОҚО, 75 келі салмақта: Ислам Қойшыман – Шымкент, 80 келі салмақта: Құрмантай Нұров – ОҚО.