Жылу беру маусымы 1-қарашада басталады

278

Қала әкімінің 26 қазанда шығарған шешіміне сай биылғы жылу беру маусымы қарашаның бірінші жұлдызында басталады. 22 қазанан бастап қаладағы басты жылу магистралдарына су толтыру жұмыстары басталып аяқталуға жақын. Ендігі кезек орам ішілік жылу жүйелерін суға толтыру қолға алынбақ.

Нәтежесінде, қараша айының 10 жұлдызына дейін қаладағы 1330 көпқабаты үй толығымен жылуға қосылады. Өткен жылы да жылыту маусымы 1 қарашада басталған.

Биыл теріскей шағын ауданындағы жылу жүйелерін жаңарту жұмыстары аяқталып, Сайрам шағын ауданындағы жұмыс 5 қарашада тапсырылады нәтежесінже жылдар бойы жылуға жарымаған жерлестеріміз қыста сапалы жалу алуға қол жеткізеді деген үміт бар.