Қайырымдылық жасап, «алтын жүрекке» ие болды

Номинация "Алтын жүрек"

«Бауыржан» атындағы қайырымдылық қоры жыл сайын дәстүрлі түрде жүрегі жайсан азаматтар арасында байқау ұйымдастырып тұрады. Негізгі мақсат әлеуметтік жағынан қоғамға қол ұшын созған азаматтардың енбегін бағалау. Олардың көбейюіне ат салысу.

Биылғы байқау 5-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Ал оған қатысқан жеке кәсіпкерлерді мараппаттау рәсіміне Парламент мәжілісінің депутаты Нұртай Сабилянов және қазақстанның әйгілі ақыны Шөмшібай Сариев пен эстрадамыздың жарық жұлдыздары қатысты.

Сонымен, ата анасының қамқорынсыз қалған балаларға қайырымдылық көрсеткені үшін қаламыздағы «NB Корпорациясының» атқарушы директоры Нұрхан Сабырұлы Тілегенов.

Нұрхан Сабырұлы Тілегенов жақында ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында байқау ұйымдастырып, олардың жеңімпаздарын қасиетті ораза айында ел ордамыз астана қаласына екі күндік саяхатқа алып барған.

Тағы бір айта кетерлігі биылғы байқауға тек кәсіпкерлер ғана емес, сонымен бірге қарапайым зейнет жасындағы қарияларымыз бен   кішкентай балаларда қатыса алды. Бес жылдық мерей тойларына орай аталған қайырымдылық байқаудың ұйымдастырушылары тағы бір жаңа елге жасаған игі іс атты номинацияны ендірді.