Әлем ұстаздары Шымкентте бас қосты (PR)

Оңтүстік Қазақстан Педогогикалық Университетінде  халықаралық ғылыми конференция басталды. Жиынның күн тәртібінде тұлғааралық қарым-қатынастың психологиялық-педогогикалық мәселелері сөз болды. Жиынға еліміздегі бірқатар жоғарғы оқу орындарынан ғалымдар қатысты. Сондай-ақ Ресейден, АҚШтан білікті педогог мамандар келді. Олар негізінен қазіргі ғаламдық ғылым жүйесіндегі өзекті мәселелерді тілге тиек етті. Білім кеңістігіндегі өзара ақпараттық және тәжірбие алмасудың мүмкіндіктерін қарастырды.

Жиын барысында тәжірбиелі педогогтар әдістемелік технологияны дамытуға қатысты түрлі баяндама жасады. АҚШ-тың Айова штатынан келген Джонатан Мотт мұғалім мен оқушының арасындағы заманауй жаңа байланыстың үлгісі туралы сөз қозғаса, Ресейдің Толстой атындағы Тула мемлекеттік педогогикалық университетінің білікті ұстазы Константин Подрезов Педогокикалық біліктіліктің өркендеуі жайлы ой қозғады.

Ғылыми конференция екі күнге созылады. Ертең түс ауа ғалымдар көтерілген тақырыптарға қортынды жасайды. Алдағы уақытта Шымкенттік ұстаздар біліктілігін арттыру мақсатында шет елдің педогогтарымен байланысты арттырамыз деп отыр.