Шымкенттіктерді жол кептелісі шаршатты

272
электр жарығынсыз жаңылғандар
электр жарығынсыз жаңылғандар

Шымкентіктердің қалалық электр энергиясын беретін салаға өкпесі қара қазандай. Себебі, күн суи бастағалы жарық жиі өшетін болды. Өз кезегінде қаладағы бағдаршамдар істен шығуынан, жол-көлік оқиғасы да жиілеп кеткен. Шымкенттік жүргізушілер жол тығынын реттеуі тиіс жол полициясы тарапынан да тиісті жұмыстардың жасалмағанын айтады.

Бұл Шымкентте жарық сөнгендегі жолдың көрінісі. Сәрсенбі күні кешкісін қаладағы көптеген аудандарда жарық өшірілгеніне байланысты шахардың біраз жерінде бағдаршам сөніп, көлік кептелісі көптеп орын алған еді. Бағдаршамның істен шыққаны жол апаттарының бірден көбейюі себеп болды. Ал, ресми жол полициясына Шымкентте тек 1 ғана жол апаты тіркеліпті. Ал, жол полициясының өкілдері кептелістің орын алуына көп жағдайда жүргізушілердің өздері кінәлі дейді.

Ретпен жүрудің орнына, бағдаршамның түсіне мән бермей өте шығамыз деп ойлайтын жүргізушілердің Шымкентте көп екені ақиқат. Дегенмен, жол полициясының қызметкерлері үшін көп көшелердің қиылысында арнайы бейнебақылау құрылғысы да орнатылған. Алайда,»баяғы жартас сол жартас» дейді жүргізушілер. Жол тығыны мезі еткен болуы керек тіпті облыс басшылығы да осы мәселеге араласа бастады. Олардың да қарапайым жүргізушілер секілді қазіргі жолды реттеуі тиіс жол полициясы өкілдерінене көңілдері толмайды.

Қазір жол кептелістері жөнінде Ішкі істер департаментінде де жиын өткізіліп жатқан көрінеді. Бұны баспасөз қызметінің мамандары мәлімдеді. Кім кінәлі, не істеу керек деген сұрақты талқылап жатқан болуы керек. Ал әзірге , жол кептелісі мәселесі бар және бұл жәйтің түйіні әлі шешілген жоқ.