11.11.11 күні Шымкентте 105 жұп некеге тұрды

241
жас жұбайлар

Бұл көрсеткіш қаламызда күніге неке қидыратын жұптардан үш есе көп. Яғни рекорды десекте болады. Атаулы күні неке қию құжаттарында мәңгі сақталып қалу үшін, арнайы алдын ала жоспарлағандарда көп. Тіпті, ғашықтар бір ай бұрын келіп, жазылып кеткен.
Қала көшелері қос ғашықты мінгізіп алған ұзын-сонар картежге толды. Қарап тұрып-ақ, сүйсініп кетесіз. Ара-қатынастарын заңдастыру үшін бірінен кейін бірі ағылып келіп жатты. АҚАЖ-дың қызметкерлері мұрындарынан сүрлігіп, қызмет көрсетті. «Неке сарайы» мерекелі етіп, некелерін қиып, құрмет көрсетіп жатты.

Болатбек Ажімбетов, Шымкент қалалық әділет департаментінің бастығы:
– 11-қараша, 11-айда 105 жұп неке қидыруға ниет етті. Қызметкерлеріміз үзіліссіз жұмыс істеуде. Барлығы жанұялық алғашқы құжаттарын алғысы келіп, асығуда.

Бір қызығы, дәл осы некесін қидырғандар, біркелкі сандар бақыт әкелетіндігіне сенеді екен. Арнайы ырымдап, алдын ала жазылғандарыдың бірі Дана мен Серік. Олар 11.11.11 күні үйленуі тойларын өткізуді жаз мезгілінде-ақ ойластырып қойған екен.

Әділет департаментінің алды жарасқан жас жұбайларға толы болды. Олардың барлығын бірдей некелестіру мүмкін емес. Керек десеңіз 90 жұп келіншектің сәнін келтіретін ақ неке көйлегін де кие алмаған. Себеп, кезекке үлгермей қаламыз деп қорыққан.