Оңтүстік Қазақстан полицейлер ауқымды рейдтің нәтижесінде халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді құрықтады.
Оның бірінің адам ұрлау ісіне, ал екеуінің қарақшылық шабуыл әрекетіне қатысы бар. Бұл туралы облысық ІІД-де өткен баспасөз брифингте айтылды. Шымкенттің екі тұрғыны 30 және 22 жастағы басты күдіктілер Мәскеуде ұсталған.
Тергеу барысында олар ағымдағы жылдың қараша айында Арыстағы тұрғын үйлердің біріне баса көктеп кіріп, 8 млн теңгеден астам қаржыны алып ізін суытқандары анықталған. Кең ауқымдағы рейдтік шара аясында өткен жылы орын алған тағы бір қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталды.
Екі іске қатысты қылмыстық іс басталды.