Оңтүстік өңірі өзінің «Ассамблея аруын» таңдады. Бұл атақты Умида Құрбанова жеңіп алды. Ол-ОҚО фармацевтикалық академиясының 3-курс студенті, Шымкент қаласындағы ұйғыр этно-мәдени орталығының аруы.
Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған бұл байқауға Умида бар ынта-жігерімен дайндалған. Ол үшін қазақтың салт-дәстүрі өте бағалы, барынша қымбат.
Ұйғыр қызы -өзін тәуелсіздікпен құрдас болғанын мақтан тұтады. Ол қазақ жерінде дүниеге келіп, қазақ тілінде білім алған. Қазір де академияның ең белсенді студенттерінің бірі.
Ал жүлделі екінші орынға өзбек мәдени орталығының жібегі лайық деп табылса, шешен-ингуш ұлтының сұлуы үшінші орында қанжығасына байлады.