Экологтар қаланың қауіпті аудандарын анықтап отыр

269
Шымкенттің ауасы лас

Шымкенттегі орталық шағынауданның бірі Самал және цемент зауыты маңындағы көшелер – ең лас аудандар қатарын бастап тұр. Дәл осы тұжырымды «Гидромет» қоршаған ортаның ауасын тексеру орталығы ұсынып отыр.
Орталықтағы ауаны қаптаған көліктер құртса, Самалды қалалық қоқыс алаңы, ал шағынауданды цемент зауыты ластайды екен.

Ауаның тазалығын тексеретін стационарлық бекеттер Шымкенттегі ауқымды кәсіпорындар маңайында жұмыс істейді. Онда бекеттердің саны төртеу. Бұған қоса облысымыздағы үлкен қалаларда да мониторнг жүргізілген.

Ауаның ластануы Сарыағаш, Түркістан, Жетісай қалаларында да тексерілсе, ең таза ауа Кентауда деп белгіленген.
Шымкент Қазақстан бойынша лас ауалы қалалардың екінші сатысында. Қуантарлығы сол, ауаның салқындауынан зиянды заттар азайған.