Кассирді аяусыз атып, ақшасын қолды еткендердің соты басталды

262
аяусыз атып өлтірген кассир өлімі

» Қылмыстық іс бойынша айыпталушының қорытынды отырысы біздің сотта қаралып жатыр. Істің сотта қаралу тәртібіне билерде қатысып отыр. Олар сотталушының тағдарын шешетін болады»- дейді ауданаралық мамандандырылған қылмыстық соттың төрағасы Райымжан Заппаров.
Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың 8-сәуір күні Асқаров көшесіне жақын орналасқан «Нұр» банктің филиалы маңында бір кәсіпорынның кассирін атып, 32 млн.теңгесін қолды еткен болатын.

Байсалды азамат қолындағы қара сумкасымен банк ғимаратынан шығады. Бағамдауынша, ол жаңа ғана үлкен мөлшерде сумма алып, аула ішінде тұрған өз көлігіне қарай бет алды. Ол «Тойотасына» сол күйі жете алмады.
Оған бейтаныс екеу жүгіріп келеді. Беттеріне бетперде киместен суық қарумен оқ жаудыра бастайды. Куәгерлердің айтуынша, олар үш-төрт адам болған екен. Оқиға орнында қайтыс болған азаматтың қолындағы ақша тола сумкасын ала-мала қашып, автотұрақта тұрған «БМВ» көлігіне мініп, жасырынған. Қарақшылық барысында кассирдің торушысы да жараланады. Ол өз міндетіне кіретін жұмысты атқармай, белгісіз себептермен көлік ішінде қалған екен.

Ал 14-қыркүйек күні арнайы брифинг өткізген ІІД бұл қылмысқа әл-Фараби аудандық ішкі істер бөлімінің 32 жастағы капитанының қатысы барын жария еткен болатын. ІІД баспасөз қызметінің бастығы, полковник Салтанат Қаракөзованың айтуынша, күдікті 12-мамыр күні қолға түскен. Ол өзі жасаған қылмыстың ашылу процесіне қатысқан екен. Тергеу барысында белгіленген межеден өтіп кеткен. Айуандықпен өлтірілген кісі өліміне қатысы бар бұрыңғы тәртіп сақшысы дәл осындай екінші қылмысқа да қатысы бар болып шыққан. Ол 4-ақпан күні Шымкенттің орталық көшелерінің бірінде орын алған. Ол кезде 8 млн. теңге арқалаған валюта айырбастаушысын өлтірген.

13- маусым күні бұрынғы капитанның 28 жастағы сыбайласы қолға түскен. Оның қалтасынан екі қылмысқа да қатысы бар травматикалық қару тәркіленген. Тәркіленген қаруға ақпан және сәуір айында болған екі қылмысты байланыстырып тұрған «БМВ» көлігін тағы қосыңыз.