«Мадлендегі» шоколад мерекесі (PR)

566
Тәтті тағам ұсынамыз
Тәтті тағам ұсынамыз

 

Қарашаның қарлы суық күнінде «Мадлен» кондитерлік жүйесі шымқалалықтарға ыстық шай мен дәмді тарту жасады. «Мадленде» тәттілер мерекесі жалғасуда. Кәмпиттер мен балмұзадақ, күлше, торттар… бәрі де тек шоколадтан жасалған.  Кішкентай тәттіқұмар бүлдіршіндер шоколадтан жасалған дәмді тағам түрлерін асқан тәбетпен жейді.

«Мадлен» кондитерлік жүйесінің ұсынған тәттілері келушілерді тіл үйірер дәмімен тамсантты. Шоколад өнімдері шырын дәмімен ғана емес, жаңа дизайнімен де таңқалдырды. Шоколад мерекесі — тәтті тағамдармен ғана емес, көңілді байқаулармен де қызықты өтті. «Мадленге» келушілер сурет салуға да тырысты. Аян Бектаевтің қолында тәтті шоколадқа жан біткендей, ол тіпті, суретке айналды.  Жігіт майлы бояулардың орнына қойылтылған сүтті пайдаланды. Мольберт орнында әйел денесі… Нағыз тәтті шоколад әзірлеудің қыр-сырын енд іәрбір шымкенттік біле алады. «Мадленнің» кондитерлері дәмді тағамдардың рецептерімен бөліседі. Сөйтіп өзіңіз әзірлеген тәттілермен дос-құрбыларыңызды қуанта аласыз.

«Қарашада ай соңына дейін шоколад мерекесі жалғасады. Біздің Мадленде шоколадтан жасалған кез-келген тәтті түрін таба аласыз. Күлшелер, балмұзхдақ, торттар-кезкелгенннің талғамына сай келері сөзсіз»-дейді сатушы-консультанттар.

Сөйтіп «Мадлен» наубайлары қалалықтарды  шынайы шеберлікпен шоколадтың таңсық түрлерімен таңқалдырмақ. Тәттінің көптүрлілігі көз жауын алатын «Мадленде» бір ай бойы тартулар толастар емес.