ОҚО-ның жас белсенділері еленді

«Табысты жас Қазақстандық» өңірлік жастар сыйақысы 6-шы жыл ұйымдастырылып келеді. Қоғамның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін сақтау, дамыту, еліміздің ғылыми, мәдени дәстүрлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету, талантты және дарынды жастарды қолдау мақсатында өткізілген байқауда 20 номинация тағайындалыпты.

Үздік оқушы, студент, жас ғалым, ақын,спортшы, жастар ұйымы, көшбасшы, саясаткер, кәсіпкер, әскери , құқық қорғау, мемлекеттік қызметкер,журналист, мұғалім, дәрігер, дарын, ерікті, жастар жобасы деген номинациялары өз иегерлерін тапты.

Яғни, барлық, қоғамдық- әлеуметтік салада өңіріміздің дамуына үлес қосып жүрген жастар еңбегінің жемісі. Белсенділер «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты облыстық жастар форумында марапатталды.