«Оңтүстік Рабат» газетінің тұсаукесері

420
Оңтүстік рабат

Аптаның әр сәрсенбісінде оқырманына жол тартар «Оңтүстік Рабат» газетінің жарық көргеніне  биыл  бір жыл.  Жарық көргеніне жыл  толғанына қарамастан көзіқарақты оқырманның сүйікті басылымдарының біріне айналып үлгерген жас басылымның тұсаукесері өтпек.

 Тәй-тәй басқан шығармашылық  жас ұжымның бұл салтанаты қарашаның тоғызына сағат он екіге жоспарланып отыр. 2010 жылға дейін «Рабат» газетінің қосымшасы ретінде жарық көрген бұл басылым өз алдына енші алып, өткен жылдың 1-ші қыркүйегінде алғашқы санын жариялаған болатын.

Бастапқыда 3 мың данамен баспасөз әлеміне сапар шеккен «Оңтүстік Рабаттың» бүгінде өз оқырмандары қалыптасып та үлгерді. Бүгінде 5 мың данаға жеткен жас газеттің таралым аймағы да кеңеіп, Оңтүстіктің алыс аудандарына да жеткізілуде.