«Оңтүстік Рабат» тұсауын кесті

432

Айшықты ақпарат, мазмұнды мақала, жағымды жаңалығымен өз оқырмандарын тапқан «Оңтүстік Рабат» газетіне бүгін бір жыл толды. Туған күнін атап өткен басылым, оқырмандары мен елағаларын жинап, тұсауын кесті. Басылым ұжымын құттықтап келгендер көп болды.

Жаңалықтың жаршысы атанып, халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналған «Оңтүстік Рабат» газеті өз оқырмандарын табуда алғашқы қадамын жасап үлгерді. Ол-халық газеті. Осыдан бір жыл бұрын Валентина Куликованың идеясын арқалап, бұқараға жол тартқан басылым бүгін тұсауын кесті. Тұсау кесер рәсіміне қала зиялыларымен оқырман қауым ыстық ықыластарын ала келіпті.

«Оңтүстік Рабат» газетінің жолы да, жобасы да ерекшеленеді. Тәуелсіз басылымдарды басып озған оңтүстікрабаттықтар бұл күнде 5 мыңға жуық оқырмандарына қызмет етеді.

Қазақ баспасөзінің қатарына жаңадан қосылса да, оңтүстіктің тыныс-тіршілігінің айнасына айналған басылым өзінің бір жылдығында ең кішкентай оқырманының да тұсауын кесіп, қос мерекені бірге атап өтті.

Ауыл-аймақтың айтарын жеткізіп, халықтың үні бола білген жас ұжымның шығар биігі алда.Газет-халықтың көзі,құлағы һәм тілі. Сондықтан да облыстың ақпарат кеңістігінде өзіндік орны бар газет ұжымының қаламы қарымды болсын. Тәй-тәй басқан басылым мерекелерімен тағы құттықтаймыз.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=coFwH6V1KyE[/youtube]